×

Көлгінов пен Жамаубаев вице-премьер болып қайта тағайындалды

Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі қызметін де атқарады

 Халық үні 03.04.2023 | 17:40
Фото: Sputnik.kz

Алтай Көлгінов пен Ерұлан Жамаубаев премьер-министрдің орынбасары болып қайта тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалсын, - делінген президент жарлығында.

Ал Ерұлан Жамаубаев премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі болып қайта тағайындалды.

Сондай-ақ мемлекет басшысының жарлығымен Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама