×

Руслан Жақсылықов пен Марат Ахметжанов министр лауазымын сақтап қалды

Бұған дейін Әлихан Смайылов бастаған Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылды

 Халық үні 03.04.2023 | 11:59
Коллаж Halyq Uni

Руслан Жақсылықов пен Марат Ахметжанов министр болып қайта тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының жарлығымен қорғаныс министрі лауазымына Руслан Фатихұлы Жақсылықов тағайындалды, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Марат Ахметжанов әрі қарай елдің ішкі істер министрі қызметін жалғастырады.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары сайланғаннан кейін Әлихан Смайылов бастаған Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылды.

Конституциясның 70-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» заңның 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған парламент мәжілісінің алдында Үкіметтің өкілетті тоқтатылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама