×

Тараздық ғалымдар зілзалаға төтеп бере алатын құрылыс материалдарын шығарды

Олар талшықты бетон мен ғимарат іргетасына орнатылатын екі түрлі қада ойлап тапқан

 Еркеғали Болатұлы 02.04.2023 | 16:36
фото: видеодан скриншот

Тараздық ғылыми қызметкерлер зілзала зардабын едәуір азайтатын құрылыс заттарын ойлап тапты, деп хабарлады 24.kz.

Өңірлік университетте жұмыс істейтін ғалым талшықты бетон жасаған. Ерекшелігі – соққыға төзімді, жарылып кетпейді. Бетон ішіне темір қалдықтары мен сымдар қосылған.

Ал екінші ғалым ғимарат іргетасына орнатылатын қаданың екі түрін шығарды. Пішіні де қолданыстағы тік бағаннан өзгеше. Бірі пирамидалы-призмалы болса, кейінгісінің кеңейтілген бөліктері бар. Сейсмикалық соққыға төзімді бағандар 5 есе артық жүк көтереді.

Құрылысқа кететін жұмыс уақытын қысқартады. Сонымен қатар экономикалық жағынан да тиімді болып келеді. Жер сілкінісі кездерінде жерге қағылған қадаларда суырып алу жүктемесі пайда болады. Сол жүктемелерге біздің зерттеліп жатқан қадаларымыз жақсы төтеп бере алады, - дейді ғылыми қызметкер Нұржан Шаншабаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама