×

Астанада мүмкіндігі шектеулі адамдарға салықтар мен баждар заңсыз есептелген

Қадағалау актісінен кейін 4 мыңнан аса адам жеңілдіктерді ала бастады

 Дастан Жұмабекұлы 30.03.2023 | 12:52
фото: ашық дереккөз

Астана қаласының прокуратураcы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын бұзу фактісін анықтады.

Атап айтқанда, мемлекет ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін, оның ішінде түрлі алымдар мен баждарды төлеуден босатыла отырып, бірқатар жеңілдікке кепілдік береді.  Алайда астанадағы кейбір жеке нотариустар осы санаттағы адамдардан мемлекеттік бажды заңсыз өндіріп алған. Сонымен біре, Салық кодексі 617-бабының 4-тармағымен олар нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде төлемнен босатылған, – делінген хабарламада.

Енді бір жағдайда салық органдары мүгедектердің баж бен салықты төлеуден босатылғанына қарамастан көлік, жер үшін төлемдерді заңсыз есептеген. Бұл жағдайда салық органдары алымдарды төлеуден босату құқықтарының бар-жоғын анықтауға да тырыспаған.  

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жеке нотариустар мен салық салушылардың қызметіндегі заңсыз практика алынып тасталды.

Бұған дейін Астана қаласында мәслихаттың шешімімен (2019 жылғы 25 желтоқсандағы №476/60-VI) азаматтардың осындай санаты үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму үшін төлеген кезде 100%, 50% және 25% жеңілдіктер көзделгені хабарланған болатын.

Прокурорлар анықтағандай, Астананың 100 мыңнан аса азаматы өз құқықтарын пайдаланбаған. Қадағалау актісі енгізілгеннен кейін ерекше қажеттіліктері бар 4 мыңнан аса адам тізімге енгізіліп, олар тиесілі жеңілдіктерді ала бастады.

Уәкілетті орган қалған адамдарды тізімге енгізу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама