Әлихан Смайылов қайта премьер-министр болып тағайындалды

Халық үні

Мәжіліс депутаттарының көпшілігі Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдады

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Әлихан Смайылов премьер-министр болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалды, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Мемлекет басшысына AMANAT партиясының атынан жаңа премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.

Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысының лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдап, келісім берді.