×

Тоқаев Мәжілістегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесті

Президент премьер-министр лауазымына ұсынылатын кандидатура жөнінде кеңеседі

 Халық үні 30.03.2023 | 11:30
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорда.

Кездесуде мемлекет басшысы  Конституцияның 44-бабына сәйкес премьер-министр лауазымына ұсынылатын кандидатура жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.

Талқылауға Amanat партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Анас Баққожаев, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев қатысты.

Сондай-ақ «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама