×

Түркістан облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

200 келі синтетикалық есірткі мен 15 тонна прекурсор тәркіленді

 Динара Амантай 29.03.2023 | 09:07
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті психотроптық заттар өндіретін ірі есірткі лабораториясын жойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, заңсыз айналымнан синтетикалық есірткінің рекордтық партиясы – 200 келі дайын өнім мен 15 тонна прекурсорлар және зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленген.

Зерделеу барысында жедел қызметкерлердің назарына Қазақстанға тыйым салынған заттардың ауқымды өндірісін ұйымдастыру және оны әрі қарай ТМД елдерінде іске асыру мақсатында келген шетелдік азамат ілікті. Жедел іс-шараларды жалғастыру барысында Түркістан облысындағы жасырын өндіріс базасы анықталды.

Есірткі зертханасы заманауи құралдармен жабдықталып, 0.4 гектар аумақта орналасқан және қоршау бойымен бейнебақылау камералары мен қозғалыс сенсорлары қойылғанын атап өту қажет. Қаскүнем құпиялық шараларын қатаң сақтап келген.

Ұйымдастырушы «альфа-PVP» психотроптық затын әзірлеу сәтінде, яғни қолма-қол қылмыс үстінде ұсталды.

Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеу материалын тіркеді.

Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама