×

Қылмыс жасады деген күдікпен 2,5 мыңнан астам адам іздестіріліп жатыр

Іздеуде жүрген 600 күдіктінің жүрген жері анықталды

 Динара Амантай 27.03.2023 | 10:52
Фото: sputnik.kz

Соңғы 3 жылда елдегі қылмыстық қудалау органдарымен әртүрлі қылмыстар жасады деген күдікпен 3 мыңнан аса адамға іздеу жарияланған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бас прокуратураның мәліметінше, шет мемлекеттерде ұстау және оларды кейіннен Қазақстанға экстрадициялау, соның ішінде прокурорлардың үйлестіруімен 500 адам ұсталды. Қазір 2500-ден аса адам іздестіріліп жатыр. Негізінен ішкі істер органдарының желісі бойынша, алаяқтық жасағаны үшін 400, ұрлық үшін 250 азамат іздеуде жүр. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген 400 күдіктінің 250-і іздеу жарияланғаннан кейін ұсталды.

Шет мемлекеттермен жолға қойылған ынтымақтастықтың нәтижесінде іздеуде жүрген қылмыс жасаған 600 күдіктінің жүрген жері анықталды. Олардың көпшілігі Ресей Федерациясында, Америка Құрама Штаттарында, Түркия Республикасында, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Қырғыз Республикасында, Өзбекстан Республикасында және Украинада жасырынып жүр.

Мысалы, биыл қоғамдық резонанс тудырған қылмыс жасады деген 6 күдікті (4-еуі кісі өлтіру бойынша, 2-еуі қаржы пирамидаларын ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін) ұсталды. Қалған азаматтарды басқа елдердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама