×

Жетісу облысында 2 көліктің соқтығысуы салдарынан 6 адам зардап шекті

Олардың бірі – кәмелетке толмаған бала

 Еркеғали Болатұлы 26.03.2023 | 17:12
фото: Telegram/POLISIA.KZ

Жол апаты Жетісу облысының Көксу ауданы маңында тіркелді. Алматы - Өскемен тасжолының 203-шақырымында Toyota Gracia автокөлігі мен Mercedes-Benz эвакуаторы соқтығысқан.

Оқиға орнынан аудандық ауруханаға 6 адам медициналық тексеруге жеткізілді. Олардың бірі – кәмелетке толмаған бала, - делінген полиция хабарламасында.

Жол апатына жүргізушілердің қайсысы себеп болғаны тергеу барысында анықталады. Қазір оқиға орнында патрульдік полиция мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама