×

Египеттен оралатын 2,8 мың қазақстандық 7 күн оқшауланады

Вакцина алғаны да, ПТР-анықтамасы бары да оқшауланады

 Халық үні 03.12.2021 | 11:08
Алматы әуежайы, көрнекі фото

Коронавирус инфекциясының жаңа «Омикрон» штамының таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан 3 желтоқсанынан бастап Египетке әуе қатынасы тоқтатылды.

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе рейстерін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қостанай және Ақтөбе қалаларынан Шарм-Эль-Шейх қаласына Air Astana және SCAT әуе компаниялары орындап келді.

Әуе компанияларының ақпараты бойынша, қазір Египетте 2800-ге жуық Қазақстан азаматы бар. Олар 3-10 желтоқсан аралығында әуе рейстерімен елге жеткізіледі.

ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Мысырдан келген жолаушылар коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алғанына қарамастан, теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама көрсетуі керек. Сондай-ақ тиісті анықтамасы мен вакцина алғанына қарамастан 7 күн оқшауланады.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама