Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы сот үкімі шығатын күні ауруханаға түсті
Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы тағы кейінге шегерілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады.
10 наурызда Күдебаевқа сот үкімі шығуға тиіс болған. Алайда сотталушының сот отырысына келе алмауына байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды. Содан кейін сот үкімі 20 наурызда шығады деп хабарланды.
Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевтың сотында прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Айта кетейік, 58 жастағы полиция генерал-майоры Серік Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаментінің ғимаратынан шығып кеткен.