×

6,2 миллион қазақстандық сайлауға қатысты

Бұл сайлаушылардың 51,98%-ын құрайды

 Айгерім Таубай 19.03.2023 | 16:33
Фото: Halyq Uni

Сайлаушылардың 51,98 пайызы сайлау учаскелерінде бюллетень алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Астананың аумақтық комиссиясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, сағат 16:00-ге дейін дауыс берді:

Абай облысы – 55,23%;

Ақмола облысы – 58,96%;

Ақтөбе облысы – 56,32%;

Алматы облысы – 59,45%;

Атырау облысы – 48,15%;

Батыс Қазақстан облысы – 58,61%;

Жамбыл облысы – 64,78%;

Жетісу облысы – 54,82%;

Қарағанды облысы – 58,21%;

Қостанай облысы – 64,81%;

Қызылорда облысы – 64,95%;

Маңғыстау облысы – 53,84%;

Павлодар облысы – 58,43%;

Солтүстік Қазақстан облысы – 63,66%;

Түркістан облысы – 49,14%;

Ұлытау облысы – 58,26%;

Шығыс Қазақстан облысы – 63,09%;

Астана қаласы – 38,57%;

Алматы қаласы – 19,14%;

Шымкент қаласы – 42,31%.

Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, қазірге дейін 6 254 837 адам дауыс беру үшін бюллетень алды.

Бұл сайлаушылардың 51,98%-ын құрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама