×

Жүлде қоры – 75 миллион теңге: Шымкентте республикалық этно фестиваль өтеді

Қатысушылар ұлттық ойын, ұлттық тағам, ұлттық киім, ұлттық өнер бойынша сынға түседі

 Халық үні 16.03.2023 | 12:00
фото: Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы

20 – 22 наурыз аралығында Шымкент қаласында ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау және жаңа ипподромның ашылуы аясында GREAT QAZAQ GAMES республикалық этнофестивалі өтеді. BIG QAZAQ GAMES – көшпенділердің ұлттық коды негізіндегі олимпиаданың аналогы.

Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өскелең ұрпаққа насихаттау, бабалар аманатының ғасырдан ғасырға жетуіне ықпал ету, Әділетті Қазақстанның әрбір азаматының өнерін, қабілетін бағалау, қолдау, құрметтеу, оңтүстік өңірдің сән-салтанатын арттыру, өңірлердің өзара достығын, қарым-қатынасын нығайту.

Шымкенттегі айтулы іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан мен Әзербайжан елінің өкілдері қатысады.

Фестиваль аясында мына категориялар бойынша жарыс өтеді:

  • Ұлттық тағамдар: ет асу, сірне, қуырдақ, бауырсақ, жент, қымыз, шұбат;
  • Ұлттық ойындар: көкпар, аламан бәйге, топ бәйге, құнан бәйге, теңге ілу, аударыспақ, қазақ күресі, садақ ату, жамбы ату;
  • Ұлттық киім: ерлер киімі, шапан, камзол, үйлену киімі, сәукеле, тақия;
  • Ұлттық өнер: айтыс, жыр-терме, дәстүрлі ән, күй қобыз, күй домбыра, жетіген, би.

Сондай-ақ «ЕҢ ЖАҚСЫ КИІЗ ҮЙ» 5 негізгі номинация бойынша жарыстар өтеді. Онда ең мықты спортшылар (ұлттық ойындар), халық өнерінің шеберлері (ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері, музыканттар, қолөнершілер және т.б.) қатысады. Іс-шараның жүлде қоры – 75 миллион теңге.

Іс-шара өтетін жерде 153 киіз үйден тұратын этникалық ауыл тігіліп, сауда алаңдары, балалар аймақтары, интерактивті іс-шаралар (тағам, өнер, сән көрсетілімі) сияқты түрлі ойын-сауық шаралары жоспарланған.

GREAT QAZAQ GAMES республикалық это фестивалінің 20 наурызға арналған бағдарламасы:

Фестиваль сағат 11:00-де басталып, 18:00-ге дейін жалғасады. Ресми ашылуы жаңа ипподромда өтеді.

Сағат 12:30-да ойындар басталып, түскі сағат 13:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін 4 номинация бойынша жарыстар өтеді.

Қаладан арнайы автобустар ұйымдастырылады. Ипподром аумағына кіру тегін.

21 наурыздағы бағдарлама:

10:00 - Театрландырылған бәйге: үлкен қазанда «Наурыз көже» бас тағамын дайындау

11:00-14:00 – Төрт санат бойынша номинация жарыстары

14:00 – Марапаттау рәсімі

15:00 – HASSAK мерейтойлық концерті

15:00-18:00 – Шеберлік сыныптары

19:00 – Астана алаңында үш сағаттық гала-концерт

22 наурызға арналған бағдарлама:

10:00 – Театрландырылған бәйге: үлкен қазанда «Наурыз көже» бас тағамын әзірлеу;

11:00-14:00 – Төрт санат бойынша жарыстар

14:00 – Марапаттау рәсімі

15:00 – HASSAK мерейтойлық концерті

15:00-18:00 – Шеберлік сыныптары

19:00 – Астана алаңында үш сағаттық гала-концерт

Серіктес жаңалықтары

Сараптама