×

Астанада бұрын сотталған тұрғын мешіт қызметкерін пышақтап тастады

Оқиға себептері анықталып жатыр

 Еркеғали Болатұлы 15.03.2023 | 15:25
фото: ашық дереккөз

Астанадағы мешіттердің бірінде белгісіз біреу шаруашылық қызметкерін пышақтап кетті. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook-тегі парақшасына жазды.

Қазір жарақат алған мешіт қызметкері дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы ауыр.

Мешіттің шаруашылық жұмыстарын жүргізетін қызметкерді суық қарумен жарақаттаған күдікті ұсталды. Бұрын сотталған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болған оқиға себептері анықталуда, - деді Ағабек Қонарбайұлы.

Оның айтуынша, қылмыстық оқиғаға отбасылық, дәлірек айтқанда күдікті азамат пен оның әйелі арасындағы дау-жанжал себеп болған.

БАҚ өкілдеріне бұл оқиғаға қатысты қосымша ресми мәлімет берілетіні хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама