×

Гүлнара Каримова 240 млн долларға жылжымайтын мүлік сатып алған

Оның қамалғанға дейін шетелдерде 14 особнягі мен пәтерлері болған

 Дастан Жұмабекұлы 15.03.2023 | 13:55
фото: ашық дереккөз

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримова дүниежүзінің бірнеше жерінен 240 млн АҚШ долларына бірнеше жылжымайтын мүлік сатып алған. Бұл туралы «Озодлик» хабарлады.

Freedom For Eurasia-ның мәліметіне қарағанда, Өзбекстанның қайтыс болған экс-президентінің қызы Гүлнара Каримова Ұлыбританияның астанасы – Лондоннан бастап, Сянган (Гонконг) қаласына дейінгі аралықтағы қалалардан жалпы құны 240 млн АҚШ доллары тұратын жылжымайтын мүліктерді иемденген.

Осы ұйымның есебі негізінде Гүлнара Каримова туралы материал дайындаған Би-Би-Си агенттігінің тілшісі Ньюс Энди Веритидің айтуынша, ол жемқорлықпен және парақорлық жолымен жиналған ақшаға бірнеше особняк пен ұшақтар сатып алған. Сондай-ақ Каримоваға Лондон мен британиялық Виргиния аралдарындағы бухгалтерлік фирмалар құжаттарды ресімдеуге көмектескен.

Freedom For Eurasia зерттеушілері жылжымайтын мүліктердің тіркелу тізіміндегі құжаттарды тексеріп шыққаннан кейін Гүлнара Каримованың өзі қамалғанға дейін Ұлыбританияда, Швейцарияда, Францияда, Дубайда және Гонконгте шығу тегі күмәнді ақшаларға кемінде 14 жылжымайтын мүлік нысанын сатып алғанын анықтады. Мысалы, Ұлыбританияда Каримова 50 млн фунт стерлингке Букингем сарайының жанындағы Вестминистр ауданынан 3 пәтер, Мэйфер ауданынан 1р особняк пен Суррэй ауданынан көлге шығатын жолы бар 1р үлкен особняк сатып алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама