×

Тоқаев Түркияда Ердоғанмен кездеседі

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысады

 Халық үні 15.03.2023 | 09:11
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Анкараға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Ақорда.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысады.

Іс-шара барысында Ұйымның апат пен төтенше жағдайлар менеджменті және гуманитарлық көмек саласындағы қызметінің басым бағыттары, соның ішінде табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастықты үйлестіруге және нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Түркия президентімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама