×

Алматы-Өскемен тас жолында жол апатынан бір адам қаза тапты

Тағы екі адам ауруханаға жатқызылды

 Динара Амантай 14.03.2023 | 12:23
Фото: polisia.kz

Алматы-Өскемен тас жолында жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін Жетісу облысы Кербұлақ ауданында Toyota Carina және JAC N80 автомашиналарының соқтығысуы салдарынан болған. Алдын ала анықталғандай, Toyota автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі Алматы-Өскемен тасжолының 159-шақырымында жолды бөліп тұратын қоршауды соғып, инерция бойынша бір бағытта кетіп бара жатқан шағын литражды JAC жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан Жапон көлігінде болған 68 жастағы әйел қаза тапты. Сондай-ақ оқиға орнынан 70 жастағы ер адам мен 62 жастағы әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама