×

Астанада жастар таксиге ақша төлемей, жүргізушіге шабуылдаған (ВИДЕО)

Сарыарқа ауданының полиция бөлімі оларды әлі іздестіріп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 12.03.2023 | 18:18
фото: Тұрар Қазанғапов

Астанада такси жүргізушісі екі адамды көрсеткен мекенжайға жеткізген. Бірақ олар жол ақысын төлеуден бас тартып, жүргізушіге шабуыл жасаған.

Оқиға көрсетілген видео әлеуметтік желіде тарады. Онда жас жігіттің беліне дейін шешініп, видеоға түсіріп жатқан такси жүргізушісін қорқытқаны көрсетілген.

Мен такси жүргізушісімін. Екі адамды көрсеткен мекенжайға апардым. Олар маған такси ақысын төлеуден бас тартты. Ары қарай жанжал басталып, күтпеген жерден маған жұдырық жұмсады. Мен өзімді қорғау үшін күресуге тура келді. Жігіт тас алып, мені қорқытты да жағалауға қарай қашып кетті. Екеуі де мас болған, - делінген ер адамның Instagram-дағы парақшасында.

Полиция департаменті оқиғаға қатысы бар адамдарды іздестіріп жатқанын айтты.

Осы дерек бойынша Сарыарқа ауданының полиция бөлімі оқиғаға қатысушыларды анықтау мақсатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолданылатын болады. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі бойынша полицияға шағым түскен жоқ, - деп түсіндірді қалалық ПД өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама