Елімізде 250-ден астам жол учаскесін су басу қаупі бар
Қазір су тасқынына қарсы жұмыстар жүріп жатыр
Республикалық маңызы бар жолдарда су тасқынына қарсы іс-шаралар жүруде.
Су басып кету қаупі бар учаскелер тізімі жасалып, 250-ден астам учаске анықталды. ҚазАвтоЖолдың әр өңірлік филиалы көпір асты аймақтарды, су өткізу құбырларын қардан тазалап, ашып жатыр. Сонымен бірге көпір арналарын тазалау, су тасқынын болдырмау үшін инертті материалдарды дайындау жұмыстары жалғасуда, – дейді ҚазАвтоЖол.
Күн сайын аталмыш жұмыстарға 600-ге жуық арнайы техника, 1 мыңнан астам жол қызметкері жұмылдырылып отыр. Бұдан басқа су тасқыны қаупі бар кезеңде бригадалардың тәулік бойы кезекшілігі қамтамасыз етілуде. Учаскелерге бақылау орнатылып, қажетті материалдар қоры дайын тұр.
«Ұлттық компания қызметіне қатысты барлық мәселе бойынша 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет. ҚазАвтоЖол ресми сайтында жолдардағы ахуал бейнеленген интерактив карта бар», – делінген ақпаратта.
Су тасқыны: Қазақстанда 227 елді мекен қауіпті аймақта тұр. Шалғын ауылында өзен тасып, 25 үйді су басты: бір үй опырылып құлаған. Қауіптің алдын алмаған: Павлодар облысында көпбалалы ананың үйін су басты.