×

«Қазақстан халқына» қоры эпилепсия диагнозы қойылған 88 баланы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті

Препарат 5 өңірдегі балаларға жеткізілді

 Халық үні 10.03.2023 | 11:18
фото: Halyq Uni

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ауыр және сирек аурулары бар азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр. 2023 жылдың ақпан айының соңында және наурыз айының басында еліміздің 5 өңіріндегі денсаулық сақтау басқармаларына эпилепсия диагнозы қойылған 88 балаға жалпы сомасы 4,4 млн теңгеге «Сабрил» дәрісі жеткізілді.

Препарат Түркістан облысындағы 21 балаға, Шымкент қаласындағы 24 балаға, Павлодар облысындағы 18 балаға, Солтүстік Қазақстан облысындағы 12 балаға және Ақмола облысындағы 13 балаға арналған.

«Сабрил» дәрісі «СвиксБиоФарм» компаниясымен тек алдын-ала тапсырыс беру арқылы сатып алынды.

Былтырдан бері «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 16,1 миллиард теңгеден астам сомаға өмірге қауіп төндіретін және созылмалы сырқаты бар 236 науқасты дәрілік заттармен қамтамасыз етті. Олардың 230-сы сирек кездесетін (орфандық) аурулары бар, олардың ішінде 204-і бала.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Өзенмұнайгаз» АҚ-да анықталған 160 бұзушылық бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

101 фактіге қатысты жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылатын болады
03.06.2023 | 14:33

«250 қолөнерші қатысады»: Астанада «Аламан құрақ» жәрмеңкесі өтеді

Жоба «Қазақ елі» алаңында өткізіледі
03.06.2023 | 14:10

Қазақстандық ғалымдар аллергия мен демікпені емдейтін вакцина әзірледі

Ол бойынша техникалық құжаттама жасалды
03.06.2023 | 13:30