Ресейге құрлық арқылы кіру кезінде қазақстандықтардан ковидке тест талап етілмейді

Қымбат Елтайқызы

Көрші ел осындай шешім қабылдады

коллаж: Halyq Uni

Ресейге құрлық арқылы кіру кезінде қазақстандықтардан коронавирусқа тест талап етілмейді. Бұл туралы көрші елдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 30.03.2022 жылғы №10 қаулысында айтылған.

Құжатқа сәйкес, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап Ресейге құрлықтағы өткізу пунктері арқылы келетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің (оның ішінде Қазақстан) азаматтары ковидке тест тапсырмайды және тиісті сауалнама толтырмайды, – дейді Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.

Бұған дейін мемлекетімізден көрші елге қалай қатынау үшін коронавирусқа тест тапсыру керек болған.