×

Қазіргі жағдайда Қазақстаннан Ресейге қалай қатынауға болады

Елшілік арнайы мәлімдеме жасады

 Халық үні 30.03.2022 | 15:30
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтар Ресейге құрлық шекарасы арқылы бара алады. Ресей үкіметінің 2022 жылғы 29 наурыздағы №656-р қаулысына сәйкес, Қазақстан азаматтары Ресейге құрлықтағы өткізу пунктері арқылы қосымша негіздерсіз еркін кіре алады.

Қазақстан азаматтарының Ресейге кіруі тек Ресей-Қазақстан және Ресей-Моңғолия шекараларының құрлықтағы өткізу пунктері арқылы ғана мүмкін. Ресейдің басқа мемлекеттермен шектесетін құрлық шекарасының өткізу пунктері арқылы кіру әлі де шектеулі әрі тек белгілі санаттағы азаматтарға рұқсат етіледі, – дейді Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.

Ресейге құрлықтағы өткізу пунктері арқылы кірген кезде «Путешествую без COVID-19» мобильдік қосымшасы арқылы коронавирусқа ПТР тестінің теріс нәтижесінің (дайын болған сәттен бастап шекарадан өткенге дейін 48 сағаттан аспауы керек) болуын растау қажет. Apple құрылғыларына арналған қосымшаның мобильдік нұсқасын сілтеме арқылы, Android құрылғыларына арналған нұсқасын сілтеме арқылы жүктеуге болады. Ресейге кірген кезде коронавирусқа теріс ПТР тесті жас ерекшелігіне қарамастан барлық азаматтан (оның ішінде 5 жасқа дейінгі балалардан) талап етіледі. Смартфоны жоқ кішкентай балалармен немесе қарт туыстарымен саяхаттаған жағдайда қосымша құрылғылар қажет емес. Азаматтың, сондай-ақ оның балалары мен қарт туыстарының ПТР сынақтарының нәтижесін бір мобильді құрылғыдағы қосымшада біріктіруге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама