×

Апалы-сіңлілі каратэшілердің ісі елді сүйсінтті (ВИДЕО)

Алайда соңғы сөзді Саяна Әуелбек айтып, жеңісті бауырына беруді өтінген

 Дастан Жұмабекұлы 07.03.2023 | 13:14
фото: Instagram.com

Әлеуметтік желіде каратэден Көкшетауда 8-9 жас аралығындағы қыздар арасында өткен Ақмола облысы чемпионатының финалында апалы-сіңлілі қыздардың кездескен видеосы кең таралып, елді сүйсінтті.

Жарысқа апалы-сіңлілі Саяна мен Мөлдір Әнуарбектер бір салмақта (25 келіге дейінгі салмақ) қатысқан болатын. Екеуінің чемпионаттың финалында кездескеніне төрешілер мен жаттықтырушылардың кінәсі болған жоқ.

Жарыстың финалында Саяна Мөлдір сіңлісіне жеңісті беретінін айтып, бауырының қолын көтеріп, төрешілерден жеңісті беруді сұраған. Мөлдір де тәтесін құшақтап, төрешілерден апасының қолын көтеруді өтінген. Алайда соңғы сөзді Саяна айтып, сіңлісін құшағына басып, жеңісті соған беруді тілеген.

Сөйтіп, Мөлдір Әуелбек облыс чемпионы атанған. Екінші орын Саяна Әуелбекке берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама