×

Түркиядағы зілзаладан аман қалған қазақ қызы елге оралды

СІМ өкілі Сабинаның қазіргі жағдайы туралы айтты

 Дәурен Ерболат 06.03.2023 | 17:05
фото: әлеуметтік желі

Түркиядағы жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадиярова Қазақстанға оралды. Бұл туралы Cыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Ол ауруханада болған кезде біздің консул онымен үнемі байланыста болды. Қыздың жанында туыстары да болды. Ол Қазақстанға келді. Бірақ ол мазасын алмауды өтінді. Оның пікір айтқысы келмейді. Біз оның оралуына көмектестік. Ол Анталия – Алматы рейсімен елге жеткізілді», - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен брифингте.

Министрлік өкілінің айтуынша, бүгінде Сабинаның жағдайы тұрақты.

Айта кетейік, 8 ақпанда Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Қазақстан азаматы Сабина Мамадьярова үйінді астынан табылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама