×

Алматыда бір топ жігіт жас қызды зорлап, тонап кеткен

Өзінің айтуынша, оған белгісіз 5 жігіт шабуылдаған

 Еркеғали Болатұлы 03.03.2023 | 16:57
фото: Halyq Uni

Алматыда жас жігіттер қызды тонап, артынша зорлап, оқиға орнынан тайып тұрған. Болған жайттың анық-қанығын полиция анықтады, деп хабарлады ІІМ ресми сайты.

К. есімді қыздың айтуынша, өзін белгісіз 5 жігіт тонап кеткен. Содан кейін олардың екеуі оны қорлаған.

Өзімнің жағдайыма қарамастан мен полицияға көмек сұрап жүгіндім. Бір күннен кейін 5 күдікті де ұсталды және қамауға алынды. Мен Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамына кәсіби біліктілігі, нақтылығы, адамгершілігі үшін алғысымды білдіремін. Сол сәтте олардың қолдауы мен үшін маңызды болды, – дейді жәбірленуші.

Бөлімшенің мәліметінше, тонау және зорлау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық іс бойынша басқа да мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама