×

Щучье тұрғынынан ІІ дүниежүзілік соғыс кезіндегі пулемет-тапанша тәркіленді

Баллистикалық сараптама тағайындалды

 Динара Амантай 02.03.2023 | 14:49
Фото: polisia.kz

Ақмола облысы Щучье қаласының тұрғынынан Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі пулемет-тапаншасы табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, «Мал ұрлығы» ЖПІШ-ін өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 58 жастағы тұрғынның үйінен 1944 жылғы 7,62 калибрлі «Шпагин» пулемет-тапаншасын тауып алып, тәркілеген. Ақмолалық қаруды ақпанда металл қабылдау пунктінің аумағынан тапқанын айтты.

Қаруды заңсыз сақтау фактісі ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тексеру кезінде «Тіркелген қару» және «Қылмыстық қару» есебі бойынша мәліметтер базасында қару жоқ екендігі анықталды. Баллистикалық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама