×

Сенат бөлшек салықты 4%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік беретін құжатты мақұлдады

Заң салық заңнамасын жетілдіруді көздейді

 Дәурен Ерболат 02.03.2023 | 10:08
Бекболат Орынбеков, сенатор

Cенат депутаттары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексін қолданысқа енгізу туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сенатор Бекболат Орынбеков құжатты екінші оқылымға дайындау барысында оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындағанын атап өтті.

Біріншінден, бөлшек салық бойынша арнаулы салық режиміне қатысты:

  • Режимді 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалану мүмкіндігін беру;
  • Салық кодексінің бөлшек сауда жөніндегі тарауының қолданысын қалпына келтіру;
  • Қызмет түрлерін қоғамдық тамақтану саласы ғана емес, Үкімет қаулысымен айқындалатын тізбесімен кеңейту;
  • Бөлшек салық режимін қолдану мерзімінің белгісіздігі;
  • Салық мөлшерлемесін 6%-дан 4%-ға дейін төмендету;
  • Мәслихаттарға мөлшерлеменің 50%-ға, яғни 4%-дан 2%-ға дейін төмендету құқығын беру;
  • Заңды тұлғаларға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан және қызметтер көрсетуден түскен кірістер бойынша 8%-ға мөлшерлеме белгілеу;
  • Осы арнаулы режимін қолдану өлшем шарттары: жұмыскерлердің жалпы орташа саны 200 адамнан және жылдық кірісі 600 мың АЕК-тен (2 млн 70 мың теңге, 1 АЕК – 3 450 теңге) аспауға тиіс;

Салықтың көрсетілген сараланған мөлшерлемелерін қолдану үшін салық төлеушілер бөлек салық есебін жүргізуге тиіс, - деді депутат.

Екіншіден, заңға енгізілетін түзетулер банктер мен микроқаржы ұйымдарының стрестік активтеріне қатысты болып отыр.

«Жеке инвесторларды стрестік активтерді сатып алушылар тізіміне енгізу, резидент инвесторлардың салықтарды кассалық әдіс бойынша төлеу барысында салық режимінің пайдалануын, яғни кодекстің 233-бабы 2-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес, борышкер төлеген сомма мен қарыз (микрокредит) бойынша талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырманың қолданылуын көздейді.

Бейрезидент инвесторлар үшін, қазіргі уақытта кодексте салық салудың жекелеген тәртібі айқындалған, ол есепке жазу әдісін қолдануды және тиісінше толық алынбаған кірісті қоса алғанда, бүкіл табыстан салық төлеуді міндеттейді. Бұл бейрезидент шығыстарының ұлғаюына және стрестік активтердің инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне алып келеді.

Стрестік активтерді сатып алушы резиденттер мен бейрезиденттер арасында салық салу шарттарын теңестіру мақсатында, бейрезидент сатып алушыларға резидент сатып алушылар үшін көзделген салық салу тәртібіне ұқсас әдісті қолдануды талап ететін, Салық кодексінің 644 және 645-баптарына түзетулер енгізілді», - деді Бекболат Орынбеков.

Дауыс беру нәтижесінде заң жобасы мақұлданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама