×

Алматыда 80-ге жуық қару жасырылған орын анықталды

Ұйымдасқан қылмыстық топтың әскери арсеналы тәркіленді

 Халық үні 30.03.2022 | 18:00
фото: polisia.kz

Алматы полицейлері 78 атыс қаруы жасырылған орынды анықтады.

Ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінің мүшелерінен әскери арсенал тәркіленді. Іс-шараны тәртіп сақшылары Алматы қаласы бойынша ҰҚКД көмегімен жүргізді.

Бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін осы ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 мүшесі ұсталып, қамауға алынды. Кешенді жедел әрі арнайы іс-шаралар жүргізу барысында олардың Алматы облысы аумағында бірнеше қару жасыру орнын ұйымдастыру деректері анықталды. Нәтижесінде 2 «Калашников» автоматы (АКС), «Макаров» пен «ТТ» жүйелерінің 2 жауынгерлік тапаншасы, 3 аңшылық карабин, 2 тегіс ұңғылы винчестер, 13 кесілген аңшы мылтығы, 53 аңшы мылтығы, 3 травматикалық тапанша, сондай-ақ әртүрлі атыс қаруына арналған 200-ден астам оқ-дәрі табылды. Сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен 2 жауынгерлік және 4 жарық шулы граната, 4 пышақ, 2 портативті радиостанция, бұған қоса әртүрлі арнайы құралдар – оптикалық көздеуіштер, оқ өткізбейтін жейде, таяқша әрі т.б. тәркіленді. Соңғы қару-жарақ жасырылған орынды кеше ғана анықтадық, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау дерегі бойынша қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігінің нормаларына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тәркіленген арсенал сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысы бойынша тәркіленген қару-жарақ және оқ-дәрілердің шығу тегі әрі иесі анықталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама