×

Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық есірткі арнасын жойды

Табылған ауған гашишінің құны 50 млн теңгеден асты

 Қымбат Елтайқызы 30.03.2022 | 17:00
коллаж: Halyq Uni

ҰҚК халықаралық есірткі арнасын жою туралы ақпарат жариялады.

2022 жылғы 18 наурызда Шымкент қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Қазақстанға есірткінің ірі партияларын жеткізуге қатысы бар деген күдікпен «С» деген азаматты ұстады. Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 10 келіден артық жоғары сапалы ауған гашиші алынды, – дейді ҰҚК.

Алынған есірткінің «қара нарықтағы» алдын ала құны 50 млн теңгеден асады. Сотқа дейінгі тергеу материалы қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама