×

Маңғыстау облысында полицей шетелдік кәсіпкерден пара алған

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

 Динара Амантай 27.02.2023 | 12:55
Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Маңғыстау облысында Желілік полиция бөлімінің қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Антикордың мәліметінше, 17 ақпанда Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижесінде Маңғыстау станциясындағы желілік полиция қызметкерін ұстаған. Оның Түркия Республикасының кәсіпкерінен қылмыстық жауаптылықтан босату үшін 1 300 000 теңге сомасында пара алғаны анықталды.

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайтын болады.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама