×

Ақтөбе облысында жоғалған әйелдің мәйіті табылды

«Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

 Динара Амантай 25.02.2023 | 14:14
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында жұмысқа кетіп, оралмаған 47 жастағы әйел өлі күйінде табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәлметінше, бүгін жедел-тергеу іс-шаралары кезінде аталған жағдайға қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы ер адам ұсталды. Оның автокөлігінен жоғалған әйелдің пышақ жарақаты бар мәйіті табылды.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.

Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама