×

Талдықорғанда жол апатынан 4 адам зардап шекті

Тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 25.02.2023 | 12:36
Фото: polisia.kz

Талдықорғанда жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше Талдықорғаннан шыға берісте Алматы-Өскемен автожолының 273 шақырымында болған. 69 жастағы УАЗ Patriot жүргізушісі «Жол беріңіз» белгісін елемей, JAC жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол талғамайтын көлік салонында бес адам болды, олардың төртеуі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Жол апатын тергеу ҚР ҚК 345-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама