×

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді

Энтони Блинкен ел президентімен кездеседі

 Халық үні 24.02.2023 | 09:20
Фото: Craig Ruttle

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді, деп хабарлады Halyq Uni.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Энтони Блинкен Қазақстанға 28 ақпанда келетін болды.

Астанада мемлекеттік хатшыны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді, - делінген ақпаратта.

Сол күні Астанада Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы министрлік кездесуі өтеді.

Жиында өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелері талқыланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама