×

Оқушылар зорлық-зомбылық құрбандарына арналған мобильді қосымша ойлап тапты

Ол Tozbe деп аталады

 Еркеғали Болатұлы 23.02.2023 | 11:20
фото: Facebook/aileybury Almaty

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін Tozbe арнайы мобильді қосымшасы әзірленді.

Бұл жобаны Haileybury мектебінің оқушылары Аликсения Мартышева, Аружан Нүсіпжан, Сания Мұхамбетқалиева, Дана Скороходова, Селин Четиннели және Мира Унгарова жасап шығарған.

Tozbe кітап оқуға арналған қосымшаға ұқсайды, бірақ экранның бұрышында көрінбейтін батырма жасырылған. Жәбірленуші соны басса, бірден Tozbe-ге ауысады.

Қосымша дауыстық пәрмен арқылы іске қосылады. Пайдаланушы қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде кодтық сөз орнатады.

Tozbe-де өзіңіз туралы ақпаратты толтырып, байланыс нөмірін көрсетуіңіз керек. Қауіп төнген жағдайда, контактіге қауіп төнген пайдаланушының геолокациясы SMS түрінде жіберіледі. Сондай-ақ бағдарлама не болып жатқанын дыбыстық жазбаға сақтай алады, – дейді әзірлеушілер.

Енді ол қосымша жақын арада іске қосылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама