×

Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған шетелдік 9 азамат ұсталды

ҰҚК ұсталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады

 Халық үні 23.02.2023 | 10:08
фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі 15 ақпанда қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстанға заңсыз өтпек болған Пәкістанның 9 азаматын ұстады.

ҰҚК ұсталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Еске салайық, Қазақстан мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткендерге жазаны күшейтуді жоспарлап отыр.

«Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына өзгерістер енгізіледі.

«ҚР мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткен шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстаннан тысқары жерге 5 жылға шығарылып, 2 мың АЕК (6,9 млн теңге, 1 АЕК – 3 450 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады не 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады», - деп жазылған заңдағы жаңа редакцияда.

Мұндай шешім қабылдауға Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы тұрақсыз жағдай себеп болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама