×

Екібастұз ЖЭО-да тағы да апат болды

Үш қазандық агрегаттары, желілік сорғылардың жұмысы тоқтатылды

 Динара Амантай 18.02.2023 | 16:51
Фото: ашық дереккөз

Екібастұз ЖЭО-да үш қазандық агрегаттары, желілік сорғылар тоқтатылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мекеме баспасөз қызметінің мәліметінше, ақпанның 18-іне қараған түні сағат 4.55-те стансада желілік су құбырының тығыны сынған. Зақымданған жерді анықтау мақсатында жұмыс істеп тұрған №12, 13, 15 қазандық агрегаттары, желілік сорғылар бірінен соң бірі тоқтатылды. Дереу бүлінген жерді оқшаулау жүргізіліп, жөндеу жұмыстары басталды.

Станция жұмысы тоқтатылмастан, №5, 6, 9 үш энергетикалық қазандық пен электр сорғылары жұмыс істеп тұр. Жылутасымалдығыштың айналымы төмендетілген деңгейде қамтамасыз етіліп жатыр. Зақымданған жерді бүгін кешке дейін жөндеу жоспарланып отыр. Одан кейін тоқтатылған қазандық агрегаттары толтырылып, оларды кезең-кезеңімен іске қосу жұмыстары жүргізіледі. Сағат 00:00-де станция салқындатқыштың 60 °C параметрлеріне жетуді жоспарлап отыр, – делінген хабарламада.

ЖЭО өкілдері қала тұрғындарынан жылу жүйесі қатып қалмас үшін тұрғын үйлердің жылу тасымалдағышынан су ағызбауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама