×

Алматыда ер адам 8 жасар қыздың сырғасын шешіп алған

Бұл қылмыс видеокамераға түсіп қалған

 Халық үні 28.03.2022 | 17:30

Алматыда 8 жасар қыздың сырғасын шешіп алған ер адам ұсталды.

Осы қылмыс туралы полицияға қыздың анасы хабарлаған. Әйелдің айтуынша, қаладағы дәріханалардың бірінде белгісіз ер адам оның кішкентай қызының құлағындағы сырғасын шешіп алған.

Бөтеннің мүлкін ашық түрде ұрлау дерегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазбада қаскөйдің баланың құлағынан сырғасын қалай алып жатқаны көрсетілген. Ең алдымен, белгілер бойынша күдіктінің жеке сұлбасы құрастырылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында біздің бөлімше қызметкерлері сол күні 49 жастағы К.есімді қала тұрғынын құрықтады. Күдікті қылмыс жасағанын мойындады. Қазір бұрын жасалған басқа да қылмыстарға оның қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдіретбаев.

Бұған дейін әжелердің құлағынан сырға жұлған алматылық ұсталған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама