×

Екібастұзда су басқан үйден адамдардың мәйіті табылды

Тексеру кезінде қонақ бөлмесінен ашық сымдары бар электр жылытқыш табылды

 Дастан Жұмабекұлы 16.02.2023 | 11:11
фото: ашық дереккөз

Екібастұз қаласында су басқан үйден ер адам мен әйел адамның денесі табылды.

Ішкі істер органдарының хабарлауынша, 13 ақпан күні Екібастұз қаласының бір тұрғыны Бұқар Жырау көшесінде орналасқан жылыту радиаторларының зақымдануына байланысты тұрғын үйлерді су басқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полицейлер хабарлама алысымен жер үйге барғанда, ол жерден 1959 жылы туған ер адам мен 1965 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Тексеру кезінде қонақ бөлмесінен ашық сымдары бар электр жылытқыш табылды. Бұл факті Екібастұз қаласының полиция басқармасында тіркелді, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама