×

Қостанайда Ресей азаматының 85 млн теңге заңсыз мүлкі тәркіленді

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 15.02.2023 | 11:30
фото: ашық дереккөз

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті «KZobmen.com», «KZobmen Ltd» крипто айырбастау пунктері арқылы цифрлық активтермен тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысқан тағы бір қылмыстық істі анықтады.

Антикордың мәліметіне қарағанда, Ресей Федерациясы азаматының 2020 жылдың шілдесі мен 2023 жылдың қаңтары аралығында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, 180 млн теңгеден астам сомаға аса ірі көлемде табыс тапқаны анықталды.

Сот үкімдері бойынша күдіктінің 85 млн теңге көлеміндегі жылжымайтын мүлкі, оның ішінде «Binance» крипто биржасының платформасында орналастырылған цифрлық активтері (криптовалюта) тәркіленді, –  делінген хабарламада.

Күдіктінің 5 заңсыз криптовалютамен айналысқаны қылмыстық істі тергеу барысында анықталды. Сонымен бірге тергеу кезінде тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысқан бір топ адамның қылмыстық істерінің жолы кесілді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама