×

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қос азаматтық алған 54 адамды анықтады

Заң бұзушылардың көбісі – Ресей, Түркия мен Қытайдың азаматтары

 Дастан Жұмабекұлы 11.02.2023 | 16:51
фото: ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан мен өзге елдің азаматтығын алған 54 адамды анықтады.

Шекара қызметінің хабарлауынша, қаңтар айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізу пункттерінде қос азаматтығы бар 54 адамның шекарадан өткісі келгенін анықтады. Заң бұзушылардың көбісі –  Ресей, Түркия мен Қытай елінің азаматтары.

Олар ұсталған бойда қосымша тексеру жүргізу үшін полиция органдарына жеткізілген.

Шекара қызметі шетелдермен байланыстарды пайдаланып, қос азаматтығы бар адамдарды анықтау бойынша күшейтілген жұмысты жалғастыратынын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама