×

Абай облысында өрт салдарынан 2 адам зардап шекті

Өрттің себебі анықталып жатыр

 Динара Амантай 11.02.2023 | 09:50
Фото: abai.kz

Абай облысында монша кешені өртеніп, салдарынан екі адам зардам шекті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі ТЖМ-нің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, кеше кешкі сағат 7 шамасында Қаржаубайұлы көшесінде монша кешенінде өрт болғандығы туралы хабарлама келіп түсткен.

Газгольдердің жеке тұрған үй-жайында газ ағып, алдын-ала болжам бойынша жалпы ауданы 75 ш.м. жақын маңдағы қазандыққа таралған. Өрт кезінде 2 ер адам зардап шекті. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өртті жоюға барлығы 8 техника мен жеке құрамның 27 адамы жұмылдырылды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама