×

Елорда іргесіндегі ауыл балалары Астанаға қатынап оқиды: елдімекенде аурухана мүлде жоқ

Халықтың 70 пайызы Астанада жұмыс істейді

 Бауыржан Мұқанов 10.02.2023 | 12:21
Коллаж: Halyq Uni

Мемлекет басшысы Астана қаласын дамыту жөніндегі кеңесте елорда маңайындағы елдімекендердің де әлеуетін пайдалану керектігін айтқан болатын. Алайда, Астана іргесіндегі елдімекендер қаланың әлеуметтік инфрақұрылымына керісінше қосымша салмақ салып, тұрғындары мегаполиске келіп жұмыс істейді. 

Мәселен, Астана қаласынан 19 шақырымда жатқан Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылында 19 007 мың халық болса, оның 13 305-і, яғни 70%-ы астанаға қатынап жұмыс істейді. Ал ауылдық округ әкімдігінің мәліметінше, 13 адам ғана жұмыссыз. 

Сонымен қатар, жиырма мыңға жуық халқы бар ауылда бар болғаны 2 мектеп қана.

№1 орта мектебі – 363 орындық, №2 Гимназия мектебі 1 200 орындық. Ауылдың ауылдың 614 баласы Астана қаласындағы №69 гимназияға қатынап оқиды. Балабақша жасындағы 92 бүлдіршін де Астанадағы балабақшаларға барады, – деп жауап берді ауылдық округ әкімдігі редакцияның ресми сауалына.

Медицина мәселесі тіпті күрделі. Ауылдағы жалғыз №12 емхана Астана қаласына қарайды. Яғни, ауылдың өз емхана, не ауруханасы жоқ. 

Ал спорт нысаны атымен жоқ. Жалғыз мәдени нысан бар, ондағы домбыра, вокал, сурет салу, мәнерлеп оқу үйірмесіндегі жалпы орын саны – 70. 

Halyq Uni Астана іргесіндегі елдімекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын түгендеуді жалғастырады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама