×

Түркияда үйсіз қалғандарға бір жыл ішінде баспана беріледі

Жер сілкінісі салдарынан 14 014 адам қайтыс болды

 Халық үні 09.02.2023 | 17:49
Фото: sputniknews.com.tr

Түркияда жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар саны 14 мың адамға жетті. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мәлімдеді.

Ердоған жер сілкінісі болған Газиантеп қаласына барды.

Президенттің айтуынша, жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар саны 14 014 адамға жетті. Жараланғандар саны – 63 794 адам.

Ердоған бұған дейін жер сілкінісі болған Кахраманмараш, Хатай и Адана қалаларына барғанын айтып өтті.

Жер сілкінісінен 6 444 нысан қирады. Газиантепте 944 ғимарат қирады. Бұл қалада 9 400 адам қаза тапты, 10 395 адам жарақат алды, - деді Түркия президенті.

Сондай-ақ Түркия президенті жер сілкінісі салдарынан үйінен айырылған азаматтарға бір жыл ішінде 3-4 қабатты үй салу жоспарда бар екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама