Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысының 9 дәрігері Түркияға көмекке барады

Тәжірибелі мамандардың еңбек өтілі – 3 жылдан 26 жылға дейін

 Дастан Жұмабекұлы 07.02.2023 | 16:28
Түркістан облысының 9 дәрігері Түркияға көмекке барады
фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке берген тапсырмасына сәйкес, еліміз бойынша Түркияға медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер бригадасын құру тобының құрамына Түркістан облысынан 9 дәрігер жіберілгенін хабарлады.

Тізімге алынған Түркістан облыстық клиникалық аурухананың білікті дәрігерлерінің қатарында терапевт, ортопед, нейрохирург, ангиохирург, проктолог, хирург, невролог мамандары бар. Олардың барлығы түрік тілінде жақсы сөйлейді. Тәжірибелі мамандардың еңбек өтілі – 3 жылдан 26 жылға дейін, –  деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін мемлекет басшысы Түрік Республикасының президенті Реджеп Тайып Ердоғанға өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтып, еліміздің Анадолы еліне тиісті көмек беретінін жеткізген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама