×

Түркиядағы жер сілкінісі: Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты

Қазақстан Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын

 Динара Амантай 06.02.2023 | 12:51
Фото: Depo Photos/Keystone Press Agency/Global Look Press

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің басшысы Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Түркия Республикасында болған аса күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл түрік ағайындарымыздың ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар, президент Қазақстанның Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама