×

Түркияға қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер баратын болды

СІМ мен ТЖМ түрік билігімен байланыс орнатты

 Дәурен Ерболат 06.02.2023 | 16:11
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды. Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтардың анықталмағаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама