Зілзаладан 20 426 адам жараланды
Түркияда жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар саны 3 381 адамға жетті. Бұл туралы Түркияның төтенше жағдайлар басқармасы жер сілкінісі және тәуекелдерді азайту бөлімінің бас директоры Орхан Татар мәлімдеді.
Зілзаладан 20 426 адам жараланды. Жер сілкінісі салдарынан 11 302 ғимарат зақымданды, оның ішінде 5 775 ғимарат қирады.
Айта кетейік, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы жер сілкінісі болған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің басшысы Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.
7 ақпанда Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды.
Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандық құтқарушылар борт Газиантеп қаласына барады.