×

Қазақстандық құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды

Олар борт Газиантеп қаласына барады

 Динара Амантай 07.02.2023 | 10:09
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстан Төтенше жағдайлар минитсрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандық құтқарушылар борт Газиантеп қаласына барады.

Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологтар және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.

ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.

Топ қажетті жабдықтармен де, құтқару жұмыстарын жүргізуде көп жылдық тәжірибесі бар құтқарушылармен де жарақталған.

Еске сала кетсек, 6 ақпанда таңертең басталған жер сілкінісі Түркия мен Сирияны дүр сілкіндірді. Алғашқы дүмпулер жергілікті уақыт бойынша 04:17 сағатта болды. Оның ошағы Газиантеп қаласына жақын жерден бой көрсетті. Ал магнитудасы 7,7 балл болған екінші сілкініс Кахранмараш илінен көтерілді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, зілзаладан қаза тапқандардың саны 4 мың адамнан асқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама