×

Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева да депутат болғысы келетінін айтты

Жарысқа дайындыққа жауапкершілікпен қараймын. Оқуды да жақсы оқимын, - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 07.02.2023 | 10:20
фото: ашық дереккөз

Мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем вице-чемпионы Элизабет Тұрсынбаева Алматы қаласы мәслихатының депутаты болғысы келетінін айтты. Ол кандидат болып сайланатынын хабарлады.  

«Менімен жақсы араласатын адамдар кез келген кәсіпті ұршықша үйіріп әкететінімді біледі. Мен қандай жұмыс, шаруа болсын, бәрін тиянақты етіп, жанашырлықпен істеймін. Жарысқа дайындыққа аса жауапкершілікпен қараймын. Сабағымды да жақсы оқимын.

Мен күн сайын жаңа биіктерге жеткім келеді.  Бұл – менің бойыма бала кезімнен сіңген қасиет. Кәсіпқой спортшының мақсаты – көп еңбек етіп, көп тер төгу. Сонда ғана мақсатқа жетеміз. Маған сенсеңіздер, сенімді ақтауға тырысамын. Мен AMANAT партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат болып сайландым, –  деді ол.

Ол одан әрі болашақта елімізге жақсы өзгерістер әкелетін үлкен тұлға болғысы келетінін айтты.

Бұл – бастамасы ғана. Сырттан қарап, жүйеге шағымданып отыру – оңай, әрекет ету – одан да қиын. Сондықтан мен үшін бұл оңай қадам емес. Сіздер мені қолдасаңыздар, бәрі ойдағыдай болады, –  деді спортшы Instagram-дағы парақшасында.

Элизабет Тұрсынбаева – 22 жаста. Әлем чемпионатының (2019) және Қысқы Универсиаданың (2019) күміс жүлдегері, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері (2017). Ол – ересектер арасында жалғыз сырғанаудан 4 рет таза секіруді орындаған алғашқы әйел спортшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама