×

Полиция өкіліне пара ұсынған адамға қандай жаза қолданылады?

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 5 жылға сотталуы мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 06.02.2023 | 17:15
фото: ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек полиция өкіліне пара ұсынудың жазасы қандай болатынын айтып берді.

Қазір патрульдік полицияның әрбір қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, сондай-ақ олардың қызметтік автокөлігі мен үй-жайлары ақпаратты автоматты режимде беретін немесе ден қою үшін жедел басқару орталықтарына түсіретін азаматтармен барлық байланыстардың заманауи фиксаторларымен жабдықталған, - деді ол министрлікте өткен брифингте.

Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігіндегі лауазымды уәкілге пара берген адам 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«ІІМ лауазымды адамға пара бергені үшін айыппұл салуды немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыруды көздейтін қылмыстық жауапкершілікке тартылады», –  деді Шұғыла Тұрлыбек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама